Көкарал бөгеті екі метрге биіктетіледі

  • 7
  • 30.04.2026, 21:40

Көкарал бөгеті екі метрге биіктетіледі. Бұл Солтүстік Аралға қосымша 7 миллиард текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Қазір теңізге 27 миллиард текше метрге дейін су жинауға болады.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен әзірленген жоба 2029 жылы аяқталуы тиіс. Бұл қадам аймақтың экологиясын жақсартып, балық өндірісін жаңа деңгейге көтереді. Мамандардың болжамынша, теңіз айдыны кеңейген соң балықшылардың олжасы бірнеше есе артады. Өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бақыт Жаханов, облыс әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі таңда бірінші кезең іске асырылғаннан кейін Арал теңізінің, Солтүстік Арал теңізінің деңгейі 42 метрде болатын болса, соны 44 метрге дейін көтеруге сондай жоба жасалынды. Бұл жоба бізге не береді? Біріншіден, қазіргі тұздылықты тағы да 7 грамға дейін төмендетеді. Арал теңізінің көлемі де ұлғаяды. Ол қазіргі 3,1 шаршы километр болатын болса, 3,9 шаршы километрге дейін сол теңіздің көлемі соған дейін ұлғаяды.