Қазақстанның 18 жоғары оқу орнында бір мезгілде «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экология сағаты өтті. Іс-шараға 4 мыңнан астам студент қатысты. Экосағаттың негізгі мақсаты – жастар арасында тіршілік нәріне ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, су үнемдеу технологияларын насихаттау және қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру.
Қазір елімізде суды үнемдеу үш бағытта жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласы тіршілік көзін үнемдеу технологияларын енгізу үшін мемлекет субсидия бөліп отыр. Суды көп пайдаланатын екінші сала – өнеркәсіп. Олар бес жылдың ішінде суды қайта пайдалану жүйесін қолданысқа енгізуі керек. «Сонда жылына 1,7 миллиард текше метр су үнемдейміз», - дейді мамандар.
Қайратғали Хайрулла, Су ресурстарын ақпараттық талдау орталығының басшысы:
- Суды артық пайдаланбау туралы кеңестерді егер назарға алатын болсақ, Қазақстан бойынша жылына 260 миллион текше метр суды үнемдеуге болады. Бұның барлығы есептелген нәрсе. Мұның барлығы суды пайдалануға, суға деген қарым-қатынасымызды, өзіміздің мәдениетімізді дұрыс қабылдауға бағытталған жұмыстардың бірі.