Ұлытауда орман алқабы ұлғайды

  • 8
  • 08.05.2026, 19:58

Жаңаарқадағы орман шаруашылығына 2 млн түп қарағай егілді. Ағаш өскіндері өңір табиғатына бейім. Арнайы Солтүстік облыстардан сатып алынды. Бұл мақсатқа Республика қазынасынан 120 млн теңге бөлінді. Өңірде орман көлемін ұлғайту соңғы жылдары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Орманшылар алдағы күзде тағы 400 гектар жерге ағаш егуді жоспарлап отыр. Қарағаш орманы өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары құрылған. Аумағы 22 мың гектарға жуық. Ерекше қорғалатын аумақта аң мен құстың 15 түрі мекендейді. Ал ағаштың 13 түрі өседі. Қарағай, қайың мен үйеңкіден бөлек жиде мен жабайы алма бар.

Бейсетай Әлин, орманшы:

-85-87 жылдардан бастап осы қарағай көшеттерін отырғыза бастадық. Қазір міне зәулім-зәулім орман болды. 2024 жылы 300 гектар ектік. Міне биыл да жалғастырып жатырмыз. Орманды келешекте қорғап, осыны малдан, зиянкестерден қорғап балаларға қалдыруымыз керек. Аманат қылып өткізуіміз керек жастарға.