Қарағанды облысындағы Топар бас энергия тарату станциясына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мұндай шешімді облыстық Экология департаменті жоспардан тыс тексеру нәтижесінен кейін қабылдаған. Мамандардың мәліметінше, кәсіпорындағы №8 қазандықтан атмосфераға зиянды қалдықтар тараған. Сонымен қатар, күл шығатын каналдың толып қалғаны және бірқатар жабдықтардың технологиялық жұмыс режимі бұзылғаны анықталды.
Зейнеп Қоңырбаева, экология департаментінің бас маманы:
- Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 206 және 207-баптарының талаптарын бұзу фактілері анықталды. Сонымен қоса кәсіпорынға 1 миллион 946 250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Және де анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.