Биыл 2 млн гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді

  • 11
  • 14.05.2026, 19:48

Биылғы жазда екі миллион гектардан астам алқап шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарымен қамтылады. Зиянкестермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл жұмысқа 530 техника, 3,5 мың маман және 50-ден астам дрон қолданылады. Соңғы рет елде шегірткелер екі жыл бұрын қаптаған еді. Содан бері қарыс шаралардың арқасында азайып келеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, көші елдерден көшіп келетін үйірлі тікқанаттылардан әзірге қауіп жоқ. Дегенмен осы жазда 2,2 млн гектар жерді шегірткелерден тазарту көзделген.    

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Бұл көрсеткіштер 2024 жылмен салыстырғанда, 31,5%-ға төмнендеп отыр. Ал өткен жылмен салыстырғанда, ол 18,5%-ға төмендеп отыр. Республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша да жылдан-жылға өңдеу алқаптарының азаюуымен қатар бюджеттен берілген қаражаттың да көлемі азайып отырғанын байқап отырсыздар.