Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастардың табиғатты қорғау жауапкершілігін арттыруға да ден қойылып отыр. Мәселен, Келешек мектептерінің бірінде GreenLab School жобасы аясында жасыл зертхана сыныптары ашылды. Мұнда жас зерттеушілер гидропоника, жылыжай шаруашылығы секілді заманауи агротехнологияларды тәжірибе жүзінде меңгере алады. Мамандардың айтуынша, бастама экологиялық сауатты, еңбекқор әрі шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.