Елордада экологтар марапатталды

  • 6
  • 05.06.2026, 19:38

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні! Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегін ерекше атап өтті.

Президенттің экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» даму бағытындағы бастамаларына тоқталды. Салтанатты іс-шара барысында саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.