Өскеменде экобелсенділер өзен арнасын тазартты

  • 17
  • 17.06.2026, 19:58

Өскеменде жастар ресурстық орталығының еріктілері Ертіс өзенінің арнасын тазартып, халықаралық экоакцияға қатысты. Осы кезде Ресей мен Қытай елінің жастары да су айдындарының арнасын тазартуға шыққан еді. Осылайша әр елдің экобелсенділері бір мүддеге тоғысып, экологияны жақсартуға үлес қосты.

Өскемендік еріктілер тазалық шарасын саябақтарда жалғастырды. Елді мекендерде мыңға жуық адам демалыс орындарын қоқыстан тазалап, тәртіпке келтірді. Шараға мемлекеттік қызметкерлер де атсалысты. Олар этноауыл сынды туристік және әлеуметтік нысандарды демалыс маусымына дайындауға көмектесті. 

Әлішер Төлегенов, ШҚО жастар ресурстық орталығының өкілі:

- Шетелдік экобелсенділермен ортақ іске жұмылғанымыз көңіл қуантады. Жалпы экобелсенді жастардың қатары күннен-күнге артып келеді. Себебі замандастарымыз қоршаған ортаға қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастады.