Елде суды қалай жұмсап жатқаны ғарыштан бақыланады

  • 8
  • 23.06.2026, 16:43

Қазақстанда судың қалай, қаншалықты жұмсалып жатқаны ғарыштан бақыланады. Бұл пилоттық жоба егістікті дұрыс суғарып, суды үнемді жұмсауға және оның булану көлемін айқындауға көмектеседі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға мемлекеттік сапары аясында Брюссельде жасанды интеллект, ғылым, цифрлық инфрақұрылым және ғарыштық технологиялар саласын дамытуды көздейтін бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Салтанатты рәсімге Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен арада бекітілген меморандум аясында тараптар жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша әріптестікті күшейтіп, бірлескен зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. 

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Жамбыл облысында су тұтынуды талдау жобасын жүзеге асырып жатқан Hydrosat компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Біз ғарыш пен спутниктік суреттерді және «Жерді қашықтан зондтау» жобаларын көбейтеміз.