Ақтөбе облысында жыл басынан 33 мың тонна қоқыс шығарылды

  • 41
  • 13.07.2026, 19:46

Экологиялық мәдениет мектептен басталады. Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы кезекті кездесу жазғы лагерьде өтті.

«Жасыл ел» жасағының өкілдері мен эколог мамандар өңірде атқарылып жатқан тазалық акцияларына белсенді қатысуға шақырды. Жалпы өңірде «Мөлдір бұлақ», «Таза жағалаулар», «Таза қала мен аула», «Мектеп орман шаруашылығы» сияқты іс-шаралар ұйымдастырылған. Жыл басынан 33 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 220 мың түп көшет егілді.

Гүлзат Жолмұратова, эколог:

- Кішкентай балалар не істей алады? Өзінің артынан жинап жүрсе, қоқысты жерге тастамаса, су мен электр жарығын үнемдеп жүрсе, ағаштарды сындырмай, көшет ексе. Негізі бұл өте жақсы іс деп ойлаймын. Экологиялық мәдениет балабақшадан, кішкентай күнінен бастап бойына сіңсе, ол үлкейгенде күнделікті әдетке айналар еді.