Геологиялық барлауда ЖИ қолданылады

  • 13
  • 08.07.2026, 19:35

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың онлайн мониторингісін жүргізу үшін арнайы цифрлық платформа енгізілмек. Бұл туралы Энергетика министрлігінің есептік брифингісінде айтылды.

Елде жер қойнауын пайдаланатын ұзын саны 215 компания тіркелген. Дені батыстың Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында шоғырланған. Жалпы елдегі отын қоры 76 млрд тонн болса, оның 70 миллиарды Каспий маңы, Үстірт-Бозашы, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай өңірінде қордаланған деген болжам бар. 

Энергетика вице-министрінің сөзінше, бүгінде геологиялық барлау жұмыстарында жасанды интеллект кеңінен қолданылып жатыр. Компаниялар сейсмикалық жұмыстар мен қорытындысы бойынша алынған ақпаратты өңдеуде негізінен жасанды интеллект құралына жүгінеді.

Ерлан Ақбаров, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Нақты цифрландыруға келер болсақ, «ҚазМұнайГазда» «Абай» атты цифрлық платформа жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы бірнеше компанияда ұңғымалардағы өндіруден бастап мұнай өңдеу зауытына дейінгі бүкіл өндірістік процесс цифрландырылған.