Жезқазғанда жасанды интеллектпен жұмыс істейтін бейнекамералар тиімділігін көрсете бастады. «Жаңа жүйенің әсіресе тазалықты бақылауда көмегі көп»,- дейді полицейлер. Қаладағы 60-қа тарта қоқыс алаңына осындай «ақылды» камералар қойылған. Ол бейнені тіркеп қана қоймай, қоқысты жәшіктің сыртына тастаған жағдайда дереу белгі береді. Осының нәтижесінде жыл басынан бері екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ерғали Қожабеков, ПД басқарма бастығы:
-Қазір тек адамның күшімен емес, техниканың күшімен де құқықбұзушылықты анықтау бойынша көңіл бөлініп жатыр. Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі бірнеше жаңа функциялар бар. Яғни біз қала аумағында немесе қаладан сырт орналасқан бейнекамералар өрт қаупі туындаған жағдайда түтіндей бастағанның өзінде жасанды интеллект сигнал береді.