Атырауда лотос гүлдеді

  • 7
  • 23.07.2026, 19:47

Атыраудағы Перетаска каналында лотос гүлдеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін гүл облыс орталығында алғаш рет кездесіп отыр.Бұған дейін туристер лотосты көру үшін Құрманғазы ауданына баратын. Қалада гүлдеген лотосты жергілікті тұрғындар байқаған. Кейін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары барып, өсімдіктің гүлдеу кезеңіне жеткенін анықтады. Мамандар бұл аумақ бірнеше жыл бақылауда болатынын, ал қорғауға алу мәселесі уақыт еншісінде екенін айтты.

Самал Бағытжанова, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бөлім маманы:

- Барып, аумақты қарап шықтық. Лотос аумағы ондай көп көлемде емес. Жалпы кішкентай көлемде анықталған көрінді. Фотосуреттердің барлығы түсірілді. Алдағы 2-3 жыл уақытта анықталады. Мониторинг жұмыстары жүргізілуі мүмкін.