«Суды үнемде – болашақты сақта» жобасына 3,3 млн оқушы қатысты

  • 5
  • 27.07.2026, 19:46

Елде «Суды үнемде - болашақты сақта» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы іс-шараларға Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың 80 пайызы, яғни 3,3 миллион оқушы қамтылған. 35 мыңнан астам студент те қатысқан. Негізгі мақсат – су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Бүгінде тіршілік нәрінің тапшылығын болдырмау үшін азаматтардың экологиялық санасын арттыру маңызды. Осыған орай, білім беру ұйымдарында суды үнемдеуге арналған ашық сабақтар мен экосағаттар өткізіліп келеді. Жобаға шет елдердің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары да қатысуда.

Роза Садуақасова, ҚР СРИМ Өнеркәсіптегі су үнемдеу технологиялары басқармасының бас сарапшысы:

- Экологиялық сағаттар 100-ден астам колледждерде, 2500-ден астам мектептерде және 19 жоғары оқу орындарында ұйымдастырылды.  Жоба шеңберінде «Тамшы» атты анимациялық кейіпкер жасалып, ол су үнемдеудің символына әрі әлеуметтік бейнероликтердің, экологиялық ертегілер мен танымдық ойындардың басты кейіпкеріне айналды.