Іле-Балқашқа қыркүйекте тағы бір жолбарыс жіберіледі

  • 6
  • 13.08.2026, 19:37

Қыркүйек айында тағы бір жолбарыс Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Қазақстанға Ресейден жеткізілген төрт Амур жолбарысының алғашқысы осыдан 2 апта бұрын жіберілген болатын. Париж келісімі аясында Астанада өтіп жатқан жиында елімізде көміртегі жобаларын дамытуға шетелдік инвесторлар атсалысатыны да белгілі болды. Олар зиянды шығарындылар шығаратын зауыттар маңында жасыл желек отырғызып, ауаны тазартуға, табиғатты жақсартуға үлес қосады. Мамандар бұл ретте Қазақстанның айтарлықтай әлеуеті бар екенін тілге тиек етті. Мәселен, мемлекеттік орман қоры 31 миллион гектар болса, оның ішінде ормансыз жерлердегі көміртегі жобаларына арналған әлеуетті аумақ 5,2 млн гектар. Бүгінде еліміз жасыл технологиялар мен жобалар тізілімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2025 жылы Тізілімге 35 жоба, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 8 жоба енгізілді, нәтижесінде олардың жалпы саны 76-ға жетті.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Мысалға, мына талдар 1 гектары 100 мың тонна жұтады жылына, ал қарағаш 80 мың жұтады, себебі жапырағы кішкентай. Соған орай бизнес өзіне ағашын таңдап, 1000 гектар ма, 100, 10 мың га ма, соған қарай шешім қабылдайды. Күні кеше ғана шетелдік компания мен қазақстандық біріккен компания 100 мың га жер сұрап келді, біз ағаш ексек деп. Біз оларды қолдадық. Жақын арада Меморандумға қол қоямыз.