Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық талаптарды бұзған

  • 3
  • 07.10.2026, 18:44

Облыстық экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде бірнеше заңбұзушылық анықталды. 25 тамыз бен 2-7 қыркүйек аралығында зауытта апаттық жағдай болып, алау қондырғысында 100 тоннадан аса газ жағылған. Сонымен қатар кәсіпорындағы кейбір технологиялық пештер мен резервуарлардан шығатын ластаушы заттардың мөлшері есептелмеген. 

Бұдан бөлек, экология департаменті кәсіпорында көміртегі тотығы, азот оксиді мен азот диоксидінің белгіленген шекті мөлшерден асқанын анықтады. Автоматты бақылау жүйесі мен метеорологиялық жағдайларға қатысты талаптардың да бұзылғаны белгілі болды. 

Айғаным Бағытқали, мемлекеттік экологиялық инспектор:

- Тексеріс нәтижесімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 328, 328-1 және 324 баптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданылды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтау үшін процессуалдық шешім қабылдану үшін құжаттар құқық қорғау органдарына жолданылды.