Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жетісу жастары өзенді тазартатын құрылғы құрастырды

  • 0
  • 11.11.2026, 18:31

Жетісу облысының жастары өзенді қоқыстан тазартып, оттегімен байытатын құрылғы құрастырды. Жел мен күннен электр қуатын өндіретін және тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін қондырғыларды да әзірледі.

Жас дарындар шағын үлгідегі жобаларын «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық байқауында таныстырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға колледж студенттерінен жасақталған 12 команда қатысты. Олар экологиялық мәселелерді көтеріп, оны шешудің жолдарын өз идеялары арқылы ұсынды.

Нұрәли Келіс, байқауға қатысушы:

– Жансүгіров колледжінің проектісін айта кетсек, «Жетісу Гринвальд» деп аталады. Яғни жел энергиясы арқылы ток өндіру. Елімізде энергия бойынша көптеген проблема туындауда. Осы проблеманың алдын алу үшін өзіміздің проектімізді құрдық.

Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директоры:

– Ауқымды ары қарай дамытуға болады деген жобаларды әртүрлі мекемелерге немесе дамытуға болатын инвесторларды табуға мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз. Алдағы уақытта да жастардың ойлары туындап қалды-ау дегенде тағы да осындай хакатондарды ұйымдастыратын боламыз.