Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматы облысындағы жаңа саябақ абаттандырылды

  • 0
  • 06.11.2026, 18:35

Алматы облысының Қаскелең қаласындағы жаңадан ашылған саябаққа экобелсенділер мен еріктілер жүз шақты қайың мен алма көшетін екті. Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы былтыр өңірде экологиялық акция аясында 110 мыңға жуық көшет отырғызылды. Ал орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, 17 мың гектар аумаққа 38 миллион көшет егілген. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 52 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек көлемін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс.

Нұрбек Орманов, қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Қоршаған ортаны көгалдандыру, жасыл желекпен көмкеру және абаттандыру – басты мақсаттардың бірі. Бүгін отырғызылған ағаштар 20-30 жылдан кейін жайқалған үлкен ағаштарға айналып, елімізге пайдасын тигізеді. Ең бастысы, бұл жерде ой мен сананың тазалығы, тазалық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Өздеріңіз білетіндей, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында тәрбие беріледі.