Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Арал топырағын қалпына келтірудің жаңа тәсілі нәтиже берді

  • 4
  • 05.11.2026, 18:20

Арал теңізінің құрғаған табанындағы топырақты құнарландыру үшін фосфогипс қолданылуда. Ғалымдар экологиялық жобаны үш жыл бұрын қолға алған. Биыл сол жұмыстар нәтижесін беріп жатыр.

Бұл туралы Таразда өткен халықаралық ғылыми конференцияда айтылды. Мамандар «Қазфосфат» кәсіпорнынан алынған фосфогипсті Арал өңіріне жеткізіп, әр гектарына 40 тоннаға дейін сепкен. Нәтижесінде оның құрамындағы кальций топырақтағы зиянды натрий мөлшерін азайтып, құрылымын жақсартуға және сортаңдану деңгейін төмендетуге ықпал еткен. Сондай-ақ тәжірибе жүзінде егілген алма, сексеуіл және қарабарақ тұқымдарының 70 пайызы өніп шыққан. Енді ғалымдар Жамбыл жеріндегі фосфогипсті Арал өңіріне көп мөлшерде жеткізу үшін Үкіметтен қолдау сұрамақ.

Айта кетейік, Арал теңізінің құрғаған табанының жалпы аумағы 6 миллион гектардан асады. Оның 2,8 миллион гектары Қазақстан аумағында орналасқан.

Серікәлі Мұқатаев, Халықаралық Аралды құтқару қоры ҚР Атқарушы дирекциясының директоры:

- Фосфогипс суармалы жерлерде қолданылып келеді осы күнге дейін. Бірақ Арал теңізіне бірінші рет қолданып жатырмыз. Суармалы жерлерде сумен бірге фосфогипс араласып тез нәтиже береді. Арал теңізінде білесіздер, ол суғарылмайтын жерлер. Тек қана қыста қар жауғанымен, сонымен ғана әсер етеді. Сондықтан мынау жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Ол тұздылығы азайып, фосфогипс қолданған жерімізде сексеуіл өсуі көбейді. Алма бақтардың шығымдылығы 70 пайызға көбейді.