Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жамбыл облысында жасыл энергия қуаты 2,5 ГВт жетеді

  • 8
  • 02.11.2026, 18:20

Жамбыл облысында алдағы үш жылда жаңартылатын энергия өндіретін нысандар қуаты 2,5 гигаваттқа жетеді. Қазір өңірде осы бағыттағы екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Жалпы аймақта 22 нысан жұмыс істеп тұр. Солардың қатарында Бурное Солар күн электр станциясы бар.

Жамбыл облысындағы ең ірі күн электр станциясы 150 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда өндірілетін электр қуаты шамамен 70 мың тұрғын үйді жарықпен қамтамасыз етуге жетеді. Нысанның жұмысы автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады.

Мұрат Ташметов, күн электр станциясының инженері:

- Бұл объект толықтай автоматты түрде жұмыс жасайды. Тек қана бізге ОНДМ офисқа мониторинг жүргізілген. Мониторингта әр панельдің, әр стринганың қалай жұмыс жасауын көріп тұрамыз. Апатты өшіп қалған жағдайда бізге сигнал келеді. Сол сигнал бойынша келіп, қалыпқа келтіреміз.

Жалпы Жамбыл облысы жаңартылған энергия көзін өндіру бойынша республикада үздік үштіктің қатарында. Қазір аймақта жалпы қуаты 571 мегаватт болатын 22 нысан жұмыс істейді. Оның 10-ы жел электр станциясы болса, 6 су және сонша күн электр станциясы бар. 2029 жылға дейін тағы екі ірі нысан іске қосылады. Алдағы 3 жылда өндірілетін энергия көзін бес есе арттыру көзделіп отыр.

Нұрәділ Әбдірахман, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы:

- Мойынқұм ауданында TotalEnergies ЖШС тарапынан қуаты 1 Гегаватты құрайтын жел электрт станциясы 2028 жылы іске асырылу жоспарлануда. Одан бөлек, Сарысу Талас аудандарында Mazdar компаниясы тарапынан қуаты 1 гегаватты құрайтын жел электр станциясы 2029 жылы іске асыру жоспарлануда. Облысымызға ай сайын салық төлеп отыратын болады және де қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.

Энергетиктердің мәліметінше, 2029 жылға қарай аймақтағы жаңартылатын энергия өндіретін нысандар қуаты 2,5 гигаваттқа жетеді. Бұл облыс тұрғындары тұтынатын электр қуатының 60 проценті болмақ.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев