Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Түркістан облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды

  • 9
  • 17.11.2026, 18:19

Игі бастамаға қала тұрғындары мен бюджеттік сала қызметкерлері, жастар мен еріктілерден мыңға жуық адам атсалысты. Әуежайға апаратын күрежолдың екі қапталына тұт, жиде, өрік, алша мен қарағаш егілді. Ұзын саны – 22 мың 500 түп көшет.

Биыл облыс аумағында 332 мың ағаш көктемде отырғызылды. Енді 700 мыңы күзде егілмек. Мемлекет басшысының республика бойынша 15 млн көшет егу жөніндегі тапсырмасы аясында облыста 1,5 миллион түп көшет егу жоспарланып отыр.

Ғалымжан Төлепов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– Біз арнайы гектар-гектарға бөліп, ағаш түрлеріне сәйкес егіп жатырмыз. Бұл жерде тұт, жиде, өрік, қарағаш егіледі. Жалпы 22,5 гектар. Осы жерге төзімді ағаштар егіп жатырмыз. Осы біздің ауа райына қолайлы ағаштарды егудеміз. Бұл жерде тамшылатып суару жүйесі толықтай жаңартылды. Қосымша 4 бассейн салынды. Ол суару жүйесін жақсартуға үлкен үлесін қосты.