Хабар

Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесті. 

Тараптар отандық инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін жан-жақты талқылады. Мәселен, елімізде өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі. Жиынға қатысушылар қолайлы бизнес-орта құруға бағытталған реформалар туралы хабардар болды.

Үкімет басшысы серіктестердің ұсыныстары мен бастамалары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Қазақстан ашық диалог пен өзара үйлесімді іс-қимылға дайын екенін атап өтті.