Ұлттық қор қадағалауға алынады
Еліміздің жоғарғы аудиторлық палатасында Ұлттық қор қаражатын жұмсауды қадағалауға алу ұсынылды. Араға үзіліс салып комиссия жаңартылған құраммен жаңа форматта жұмысын бастамақ. Қаражаттың тиімді әрі заңды жұмсалуына мониторинг жасау тетіктері жаңартылмақ. Ол әсіресе жеңілдетілген шарттармен экономиканы қолдау қаражаттарын қамтиды. Басым бағыттарға Ұлттық қор қаражатын жұмсау бойынша ұсыныстар да жаңартылмақ. Басты мақсат Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер экономиканың өсімі мен ақшаның қайтымдылығын қамтамасыз етуі тиіс.