Хабар телеарнасы

Отандық шаруаларды қолдауға ₸116 млрд қаражат бөлінді

Биыл ел бойынша 23,8 млн гектар алқапта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Шаруалар үшін 400 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны, 200 мыңнан астам минералды тыңайытқыштар мен өзге жеңілдіктер ұсынылмақ. Қазірдің өзінде Түркістан облысында егіс жұмысы басталды. Ал көктемгі науқанды сапалы жүргізу үшін былтырғы жылдың қарашасынан бастап шаруаларға жеңілдетілген несие беру жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін мың жарым ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушіге 173 млрд теңге көлемінде қаражат үлестілді.

Бұдан бөлек, тиімді бағада қажетті техникалар алуға бағытталған лизингтік бағдарлама да бар. Шаруаларды қолдау үшін Үкімет резервінен 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Мұндай шара Мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге бөлу туралы берген тапсырмасын орындау аясында қабылданды.

Олжас Тлебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

- Ол 116 млрд теңгенің бөлінгені, яғни ол «Аграрлық несие корпорациясы», біздің «ҚазАгроҚаржы» институттары бар, одан кейін «Даму» қоры бар солардың облигациялық шығындарын жабуға, купондық сыйақыларын өтеу бойынша бөлініп отыр. Яғни осы қаражаттың шеңберінде нарықтық қаражатты тарту арқылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізеге 700 млрд теңге бөлінетін болады.