Елімізде карбамид пен аммиак өндіретін зауыт салынады
Елімізде жылына 700 мың тонна карбамид пен 42 мың тонна аммиак өндіретін зауыт салынады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топрактың кездесуінде айтылды. Үкімет басшысы аталған компаниямен екі апта ішінде құны 1,35 млрд доллар болатын инвестициялық келісім жасауды тапсырды.
Инвестициялық жоба Маңғыстау облысы «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндіруді көздейді. Бұл сондай-ақ тыңайтқыштар импортына тәуелділікті азайта түседі. Құрылыс барысында 400 тұрақты жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.
Айта кетейік, әзірге Қазақстанда тыңайтқыштың аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты сынды үш түрі өндіріледі.