«Қазіргі экономикалық жағдайда коммуналдық сала тарифінің қымбаттауы қалыпты жағдай»,– дейді мамандар. Оған елдегі инфляцияның өсуі, жұмысшылардың жалақысы және газ, су, отын секілді шикізат бағасының қымбаттауы себеп. Өндірістік шығындар да артып отыр. Ал коммуналдық сала тарифі осы тетіктерден құралады. Бұдан бөлек, «Инженерлік желінің дені ескірген»,– дейді мамандар.
Ақбота Жақаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
-Тарифтердің өсуіне әкеліп соғатын ол құрал-жабдықтардың тозуы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің елімізде 222 электростанциясы бар. Оның ішінде 70 пайызының тозығы жеткен. Сондықтан оларды жаңарту үшін электроқондырғыларын жаңарту үшін сол тарифті өсіру қажеттілігі туындайды.