Қосымша құн салығы мөлшерінің белгіленуі бюджет тапшылығын төмендетіп, Ұлттық қорға қол салмауға мүмкіндік береді. Арнамызға пікір білдірген экономист-сарапшы Сапарбай Жобаев осылай дейді. Ол мұндай тәжірибенің әлемдегі көп елде барын жеткізді. Ал су, жылу, электр энергиясы сияқты коммуналдық қызметтің нарық қатынасына өтетін кезі келді дейді. Себебі шығынын үнемі субсидиялау уақыт талабына сәйкес келмейді. Ал тариф бағасы бәсекелестік ортаға түскен соң, арзандауы да мүмкін.
Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты
-Бізде енді ресми деректер бойынша 5 пайыз адам мұқтаж, осал жандар дейміз. Ал әлем банкінің есебі бойынша яғни 2 миллион адам мұқтаж. Халқымыздың 20 миллионның 18 миллионы бар ғой соларға да субсидия беріп жатырмыз. Оны нарықтық жүйеге өткізсек, жаңағы кәсіпорындар пайда табады да, 18 миллионнан жиналған ақшаны бюджетке түскеннен кейін атаулы ана екі миллион адамға жәрдем беру керек. Әлемде осылай шешіледі.