Сондай-ақ 2026 жылы Семей қаласы «аристонмен қоштасып», орталықтандырылған ыстық суға қол жеткізеді. Сонымен қатар Берік Уәли Семейде жаңа жылу электр орталығын салу бойынша жедел жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталуда. Жылу қуаты 1 мың Гкал, электр қуаты 360 МВт болады. Құрылыстың 1-кезеңі 2029 жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
-Семей қаласының оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы бар 146,99 Гкал. Бұл мәселені шешу үшін Президенттің жаңа жылу электр орталығын салу туралы тікелей тапсырмасы бар. Осы мақсатпен әкімдіктің «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен жобалаушының қатысуымен жедел жұмыс тобы құрылды.