Үкімет басшысы Kazakh Invest ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Биыл шетелдік қаражаттың қатысуымен жалпы құны 1 млрд доллардан асатын 27 жоба іске қосылған. Олардың қатарында Алматыдағы желдеткіш қондырғылар мен Астанадағы жылжымалы құрам өндірісі, Ұлытаудағы жел электр стансасы және басқа да кәсіпорындар бар. Олжас Бектенов Kazakh Invest экономикаға қомақты инвестиция тартудың тиімді құралына айналуы тиіс екенін атап өтті.