О. Бектенов Chevron басшысымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады

  • 160
  • 14.04.2025, 18:33

Олжас Бектенов Chevron басшысы Майкл Уиртпен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және Теңіз төңірегінде өнеркәсіп кластерін құру мәселелерін талқылады.

Кездесуде тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективалары қаралды. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселелері талқылады.

Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Сондай-ақ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері қаралды.