Себебі инфляцияға байланысты жанармай, тасымал бағасы артады деп күтілуде.
Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Мамандардың сөзінше, былтыр 62 энергия өндіруші мекеменің 36-сы шығындары өскенін айтып, тарифті қайта есептеуге өтініш берген. Нәжтижесінде энергияны өндіру тарифі 30%-ке, ал тасымалдау құны 40%-ке артты. Өзгеріске негізнен - отын құны мен жөндеу жұмыстарының қымбаттауы, сондай-ақ жұмыскерлердің жалақысының 15%-ке артуы себеп болған
Зарина Мақсұрина, ҚР Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласын дамыту департаментінің ЭЭ инвестиция басқармасының басшысы:
- Энергия беруші ұйым өзіне байланысты емес, шығындардың өсуіне байланысты өзінің шекті тарифтарын түзетуге құқылы. Инфляцияға байланысты көмірдің бағасы 30 пайызға өседі деген болжам бар. Газбен жабдықтандыру заңына сәйкес әрбір алтыншы айдың біріне қарай, оларда түзетулер өседі. Соған байланысты тағы да өсу болуы мүмкін.