Премьер-министр Олжас Бектенов Ресейге ресми сапармен барды. Оның барысында Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Былтыр екіжақты тауар айналымы 3% өсіп, 27,8 миллиард доллар болды. Бизнес субъектілері бірлесіп, 45 мыңнан аса жұмыс орнын ашу арқылы 171 жобаны іске асырады. Ал rөлік-транзит бағыты бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіші 2,4 миллион тоннаға дейін өсті.
Келіссөз қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық нығая түседі.