Мәжіліс Салық кодексінің жобасы мен салық салу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Нәтижесінде қосымша құн салығының мөлшері 16% болып белгіленді. Енді ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы 25% дейін көбейтіледі. Дегенмен банктерге кәсіпкерлік нысандарды несиелендіруден түсетін кірістер бойынша мөлшерлемені 20% деңгейінде қалмақ. Алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен арттыру туралы шешім қабылданды. Міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер қосылған құн салығын төлеуден босатылады.. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдарды, кітаптарды басып шығару қызметтерін де босату жоспарланып отыр.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-Бүгін біз өте маңызды Заң - Салық кодексін қабылдадық. Мемлекет басшысы жыл басында Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің негізгі құрылымын айқындап берген болатын, әділ, ашық және болжамды салық заңнамасын қабылдау туралы нақты міндет қойылған. Бұл - бизнес пен азаматтардың қаржылық міндеттемелерін реттейтін жай ғана ережелер жиынтығы емес, жаңа экономикалық саясат жағдайындағы әділдік пен ашықтық кодексі.
Берік Бейсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Дүкендер бар, шаштараздар бар. Олардың бәрі қалай болды, сол қалпы қалады. Олардан қосымша құн салағы жоқ. Егер бизнес бизнеспен жұмыс істейтін болса, онда ол жалпы ортақ салық салатын режимге ауысады да, сондықтан олар 20% ауысады және қосымша құн салығын төлейтін болады.