Қазақстан Вьетнам нарығына тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын. Осылайша арадағы тауар айналымы арттырылмақ. Экспортталатын өнімдердің ішінде мұнай-химия, металлургия, тамақ өнеркәсібі бар.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесуінде айтылды. Тараптар сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, азаматтық авиация, туризм салаларындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейту мен жасанды интеллект интеграциясы бойынша озық тәжірибе алмасу перспективаларын қарады.