Металлургия және мұнай-химиясы салаларындағы 5 ірі жобаға 19,5 млрд долларды құрайтын инвестиция тартылды. Бұл 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгін Үкіметте өткен жиында Олжас Бектеновке атқарылған жұмыстар жайында есеп берілді. Кеңесте Президенттің тапсырмасы бойынша өнеркәсіптік әлеуетін ашу бағытында 17 ірі жобаның тізімі нақтыланды. Жүзеге аса бастаған жаңа өнеркәсіптер қатарында «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» бар.
Ал Атырау облысында үш мұнай химиясы жобасын іске асыру көзделген. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарда. Премьер-министр министрліктер мен әкімдіктерге үйлестіру мен бақылау шараларын күшейтіп, барлық жобаларды уақытылы іске қосуды тапсырды. Әрі қарай Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады. Резеңке-техникалық өнеркәсібі, шиналар өндірісі, жол жабындары мен пластмассаларға керекті шикізатты өндіру үшін қажетті қаржы тарту жоспарлануда. Қазақстанның отандық өнеркәсіпке «Татнефть» технологиялары мен сараптамасын енгізуге мүдделі.