Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын қаржыландыру жөніндегі тапсырмалары сөз болды. Қатысушылар биылғы үш айда шағын және орта бизнесті қолдауға 439 млрд теңге бағытталғанын атап айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ке артық. Ал агроөнеркәсіп секторында 3,2 мыңнан астам аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектісі мемлекеттен қолдау көрген. Тұрғын үй саясатында «Бәйтерек» холдингінің ықпалымен осы жылдың бірінші тоқсанында 12 мыңнан астам отбасы баспаналы болған. Сонымен қатар биыл алғаш рет ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» құралдары арқылы шамамен 8 трлн теңге бөлініп отыр.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
ШОБ - 439 млрд теңге
Өсім - 28% артық
АӨК - 3,2 мың кешен
l-тоқсанда баспаналы болғандар - 11,8 мың отбасы
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазір холдинг іске асырып жатқан басым міндеттердің бірі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. Экономикаға, еліміздегі бірқатар аса маңызды индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жоспарланған 8 трлн теңгенің игерілуі қазірдің өзінде 2 трлн теңгеге жақындап қалды. Құрылыс маусымы өзінің белсенді кезеңіне енді ғана енгенін ескерсек, қарқын жаман емес.