Елдің агроөнеркәсіп кешеніне салынып жатқан инвестиция көлемі артты. Тек жыл басынан бергі 4 айдың қортындысы бойынша негізгі капиталға 213 млрд теңге тартылған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118 пайызға артық. Оның ішінде, ауыл және балық шаруашылығына – 164,2 млрд теңге, тамақ өнімдерін өндіруге – 48,7 млрд теңге салынған. Бұдан өзге, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 3 жылға арналған жол картасын әзірлеген. Оның аясында жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 677 жоба іске аспақ. «Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тарату» бағдарламасын қаржыландыру бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Биыл бес өңірде түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар іске қосылады. Сондай-ақ тері мен жүн өңдеу ісі де жолға қойылатын болды.
Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция
- ауыл және балық шаруашылығы – 164,2 млрд тг
- тамақ өнімдерін өндіру – 48,7 млрд тг
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Жол картасы - 2025-2027 жж.
Жалпы құны - 3,3 трлн тг
Жоба - 677
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жобасымен толығымен аяқталды. Тамыз айында жобаны толық іске қосу жоспарланды. Сонымен қатар жүн мен теріні терең өңдеу бағытында мемлекеттік қолдау шараларын әрі қарай да тереңдете аламыз. Оны дамыту мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен келісу сатысындамыз. Алдағы уақытта тері мен жүнді өңдеуге тапсырған уақытта субсидиялау тетіктерін әзірлеп, мемлекеттік органдармен келісу барысындамыз.