Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы тереңдей түседі

  • 127
  • 28.05.2025, 18:31

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Германия Федеративтік Республикасының Бундесраты Президенті Анке Релингермен ресми кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту көзделуде. Анке Релингер Қазақстандағы өзгерістерді жоғары бағалап, екі ел ынтымақтастығының одан әрі дамуына сенім білдірді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға үнемі баса мән береді. Бұған соңғы үш жылда Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің, Мемлекет басшымыздың және Германияның Федералды Канцлері Олаф Шольцтың өзара сапарлары айқын дәлел.