Қазақстан мен Францияның тауар айнылымы бір жылда 31 пайызға артып, 5,5 миллиард долларға жетті.
Бұл туралы Қазақстан-Франция инвестициялық форумында айтылды. Жиынды Премьер-министр Олжас Бектенов ашып, Франциямен ынтымақтастықты арттыру – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Және елімізде жел электр стансасын салу, теміржол, тамақ, сүт өнеркәсібін дамыту секілді бірнеше бірлескен жобаның жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, жасанды интеллект салаларда ынтымақтастықты арттыруға мүделлі екенін айтты.
Стивен Бостром, «Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы» қауымдастығының коммерциялық директоры:
- Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар агроөнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларында қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ мұнай-газ саласындағы компания бар. Ол жел станцияларынан қуат алу бойынша жұмыс істейді. Alstom компаниясы локомотив зауыттарын дамытады. Жалпы туризмді, энергияны, АЭС, мұнай-газ саласын дамыту бойынша да көптеген жобалар бар.