Еліміз Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты арттыра түспек

  • 237
  • 29.05.2025, 18:44

Еліміз Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты арттыра түспек. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанидің кездесуінде айтылды. Банктің мәліметінше, 1992-2024 жылдар аралығында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижесінде 8 млрд доллардың 48 жобасы іске асырылды. Үкімет басшысы энергетикалық инфрақұрылымды, су құбыры желілері мен сумен жабдықтау нысандарын жаңғырту бойынша сараптама және жаңа технологияларға қол жеткізу бөлігінде жемісті ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.