Еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбедегі ТМД үкіметтері башсышалырының кеңесі аясында беларусьтік әріптесі Александр Турчинмен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетсе, биыл жыл басынан бері бірінші тоқсанда $200 млн-ға жуықтаған. Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сондай-ақ кездесуде ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл, экономикалық өсу және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.