Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады

  • 667
  • 05.06.2025, 18:32

Ұлттық Банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Мұндай тоқтам экономика мен инфляцияның өсуіне қатысты болжам, ішкі-сыртқы фактор мен тәуекелдердің негізінде қабылданды. Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11% асса, келесі жылы ол 14,1% дейін барады. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляцияға азық-түліктің қымбаттауы, қызмет көрсету құнының өсуі және өзге де фактор себеп. Жыл басынан бері сервис 16% қымбаттаса, реттелетін коммуналдық тарифтің өсуі 25,8%, ал реттелмейтін нарық қызметі 14% өскен. Тұтынушылық несиенің жоғары болуы да инфляцияның шоғын үрледі. Елде экономикалық және инвестициялық белсенділік артқанымен, өндіріс инфляцияға ықпал ете алмай отыр. Бұған сыртқы факторлардың да ықпалы бар. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Сыртқы экономикалық коньюктура құбылмалы. Әлемдік азық-түлік бағасы өсуде. Мұнай бағасы төмендеді. Ресейде жоғары инфляция сақталуда. Осындай жағдайда тәуекелдердің балансы проинфляциялық жағдайда қалып отыр. Инфляциялық күтулерді төмендету үшін және инфляцияны тұрақты төмендету үшін ақша кредит саясатын қазіргі қатаң деңгейінде ұзағырақ сақтау қажет болып отыр.