Словакиямен органикалық өндіріс саласында бірлескен кәсіпорындар құрылып, тәжірибе алмасу межеленді. Көлік-логистикалық бағыттарды дамыту есебінен ауыл шаруашылығы саласында да ынтымақтастық күшеюі тиіс.
Бұл туралы екі елдің Премьер-министрлерінің кездесуінде мәлім болды. Олжас Бектенов транзиттік жүк тасымалына рұқсат беру квотасын ұлғайту мәселесін қарауға ұсыныс айтты. Тараптар жоғарғы деңгейде қол жеткен уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға ниетті екенін растады.
Мұнан соң Премьер-министрлер «Қазақстан – Словакия» бизнес-форумына қатысты. Іргелі басқосуда екі елдің іскер топтары, жаңа салалар бойынша қарым-қатынас орнату жайын пысықтады. Үкімет басшысы бірлескен инвест жобаларды жүзеге асыруға үндеді. Форумда Қазақстандағы IT мамандар үшін жасалған жағдайға назар аударылып, Словакияның инновациялық IT секторы, цифрлық экожүйе аясындағы стартаптарды іске асыруға шақырылды.