Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6% өсті

  • 126
  • 12.06.2025, 18:39

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өсті. Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап, көлік, саудадағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткен. Мәселен, құрылыс саласы 15,4% өсім көрсетті. Бұл көрсеткішке Маңғыстау облысындағы әлеуметтік нысандар мен мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, сондай-ақ автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың екі есе артуы себеп болған. Көлік саласында өсім 23,1%. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,2% артты. Сауда айналымы 7,8% өссе, ауыл шаруашылығындағы өсім 4% болды. Сондай-ақ бес ай ішінде республика бойынша 456 миллион тоннаға жуық жүк және 771 миллион 300 мың жолаушы тасымалданды. Жалпы жүк айналымы 229 миллиард шақырымды құрады.