Ресей Қазақстанға инвестиция құюда көш бастап тұр

  • 130
  • 13.06.2025, 18:32

Қазақстанға инвестиция құю бойынша Ресей көш бастап тұр. 

Бұл елдің инвесторлары былтыр 4,1 млрд доллар құйған. Ал Нидерландтан келген инвесторлар елге 3,8 млрд доллар тартыпты. Корея, Бельгия және Қытай да үздік инвесторлар қатарында. Әсіресе иневсторлар тау-кен өндірісі саласына қызыққан. Тікелей инвестицияға 6,5 млрд доллар жұмсапты. Саудаға 5,3 млрд доллар тартылса, өңдеу өнеркәсібіне құйылған қаржы 2,8 млрд долларға жетті.

Инвесторлар тек шикізат емес, ғылым мен цифрлық секторға да қызығушылық танытып отыр. Мәселен, ғылыми қызметке құйылатын қаржы 150 пайызға, ал ақпарат және байланыс саласына инвестиция 51% артты. Қызмет көрсету саласында да инвестиция көлемі 3 есе өскен.