Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $8,6 млрд жетті

  • 34
  • 17.06.2025, 18:30

Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі – Қытай. Биылдың өзінде шығыстағы көршімізбен тауар айналым 8,6 млрд долларға жетті. 3,6 млрд доллардың өнімін экспорттадық. Импорт - 5 млрд доллар. Минералды және отын-энергетика өнімі, металл мен химия өнеркәсібі тауарын жеткіземіз. Олардан көлік, құрал-жабдық пен аппарат аламыз.

Бүгінде Қазақстан-Қытай инвестициялық пулында құны 66 млрд доллар болатын 224 жоба бар. Оны жүзеге асыру арқылы 50 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.