Елімізде жеңіл өнеркәсіптің даму келешегі қандай? Саланың өріс алуына кедергі жайттар мен ілгерілететін күш қайсы?
300-ден астам ірі орта және шағын кәсіпорындарда 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрып отырған Qaz Textile жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі құрылуына 10 жыл толуына орай екінші съезін өткізіп, өткенге есеп берді, келешекке жоспар құрды. Негізінен мата, фурнитура, тігін бұйымдары мен аяқкиім өндіретін бұл сала соңғы 10 жылдан бері енді аяқтанып, даму даңғылына түсіп отыр.
Былтыр 211 млрд теңгеден астам өнім өндірілгенімен, Қазақстандағы тұтынушылық үлес тек 9 пайызды құрады. Сала мамандары атап өткендей, текстильшілерге тұсау болып отырған бірқатар объективті түйткілдер бар.
Ділмұхамед Абизов, «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «Qaz Textile Industry» Ұлттық бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы:
- Импорт. Бірінші кезекте импорттың ішінде рәсімделмей келетін импорттар бар. Өзбекстан бар, көршілес елдер бар, Қырғызстан бар, Қытайымыз бар. Ашық бәсекелестікке байланысты бірінші кедергі сол деп есептейміз. Өздеріңіз білесіздер, совет үкіметінен кейін үлкен өндірістер жабылды. Соған байланысты қазір маман тапшылығы да бар. Соны шешу мақсатында, ипортқа тәуелділікті азайту, экспортты арттыру мақсатында осындай шара өтіп жатыр.