Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді

  • 7
  • 05.06.2026, 19:33

Әкімшілік әділет енгізілгелі оң өзгерістер көп. Азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға қарсы сотта жеңу мүмкіндігі едәуір артты. Бұл жүйе олардың құқықтарын тиімді қорғайтынын көрсетеді.

Судьялар «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты форумда әкімшілік әділеттің бес жылдағы нәтижелері мен оның заң үстемдігін нығайтудағы маңызын атап өтті. 

Ұлан Қажыкен, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
-
Азаматтардың, жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің Үкіметке қатысты, мемлекеттік органдарға қатысты істері 8-15% болатын. Әкімшілік әділеттілік қабылданғаннан бастап 54% болып отыр. Бұл нені көрсетеді? Біріншіден, жеке тұлғалардың өзінің құқықтық жұмыстарын көрсетіп отыр. Екіншіден, бұрынғы уақытта мемлекеттік органдардың өздерінің штаты болатын, юристтері болатын. Сондықтан азаматтар мен жеке тұлғалар сот барысында жеңіліп жататын. Қазіргі таңда әкімшілік әділеттіліктің қағидаттарының арқасында жеңіске жетіп отыр.