ОА елдері мен Қытай 17 млрд доллардың келісіміне қол қойды

  • 34
  • 17.06.2025, 18:37

«Орталық Азия – Қытай» іскерлік кеңесінің ІІ отырысында құны $17 млрд болатын 35 келісімге қол қойылды.

Астанада өткен бүгінгі кеңеске елімізбен қатар Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Ауқымды шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған. Кеңес отырысында бірқатар келісімге қол қойылып, инвестициялық жобалар таныстырылды. Оның ішінде цифрлық инфрақұрылым, электрондық басқару, стартап-экожүйелер және трансшекаралық шешімдер салаларында бірлескен жобалар бар. 

Мамандар жиында екі ел арасында транзит, логистика, импорт пен экспорт көлемі артқанын тілге тиек етті. Теміржол арқылы жүк тасымалы рекордтық деңгейге өсті. Былтыр екі ел арасында 32 миллион тонна жүк тасымалданған. Қазір Қазақстан арқылы қатынайтын Қытай–Еуропа бағытындағы жүк пойыздарының саны да артты. Транзиттің 80 пайызы біздің ел арқылы өтеді. 

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- Орталық Азия мен Қытай арасында сауда көлемі қарқынды дамып келеді. Былтыр алыс-беріс 95 млдр долларға жетті. Оның жартысы Қазақстанның еншісінде. Ал соның ішінде өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 44 млрд долларды құрады. Біз бұл көрсеткішті екі есе арттыруға ниеттіміз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Бұл бағыттағы электронды коммерцияның маңызы зор. Біз Қытай Халық Республикасы төрағасының бастамасымен «Жібек жолының электронды коммерциясы» пилоттық аймағын құруда ынтымақтастыққа дайын екенімізді растаймыз.

Қазақстан Қытай мемлекеті үшін Батыс пен Орталық Азия елдеріне шығатын күре жол екенін ескерсек, екі ел арасында теміржол арқылы жүк тасымалы рекордтық деңгейге өсті. Былтыр 32 миллион тонна жүк тасымалданған. Қазір Қазақстан арқылы қатынайтын ҚытайЕуропа бағытындағы жүк пойыздарының саны артты. Транзиттің 80 пайызы біздің ел арқылы өтеді. Саммитке келген мамандар ендігі ретте жасанды интеллект, медицина мен энергетика саласындағы іскерлік байланысты нығайтуға ниетті.