Шағын және орта бизнес саны 3,5% артты

  • 28
  • 20.06.2025, 18:39

Елде шағын және орта бизнеспен айналысатын субъектілер саны 3,5 пайыз өскен. Дәл қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпкер саны 2 млн-нан асты.

Сарапшылардың бағалауынша, өңдеуші өнеркәсіп саласында жүргендер қатары 6,4 пайыз көбейген. Сауда 7, ауыл шаруашылығының дамуы 4 пайызға жетті. Ал көлік саласындағы өсім 21 пайызды құраған. Бұған негізінен транзиттік және ішкі жүк тасымалының артуы ықпал еткен. Былайша айтқанда бизнес ковидтен кейінгі кезеңде еңсесін қайта тіктеп жатыр. 

Нұғман Жұлдызбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Экономикада кәсіпкерліктің маңызы зор. Шетелде барлық елдерде ішкі өнімнің негізгі үлесін шағын бизнес алады. Оларда 60 пайыздан жоғары үлесті алаты болса, Қазақстанда енді 32-ден 35 пайызға өсіп отыр. Бұл да жаман көрсеткіш емес.